{metadescription}
Алматы облысында ер адам балаларды байлап, пышақпен қорқытқан

Алматы облысында ер адам балаларды байлап, пышақпен қорқытқан

Әлеуметтік желіде Алматы облысында белгісіз ер адам 4 баланы ұрып-соғып, азаптап, оларға пышақ салғаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов түсінік берді.

Оның видеосы Telegram арнасында тарады. Балалардың айқайына көршілері жүгіріп келгенде, олардың аяқ-қолы байланғанын көргені айтылады. Зардап шеккендердің сөзінше, Бақытжан есімді ер адам үйге басып кірген.

Полицейлер Алматы облысындағы пәтерлердің бірінде балаларға шабуыл жасап, ұрып-соққан ер адамды ұстады. 

Қазіргі уақытта ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және оған қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде.

«Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес жария етуге жатпайды», - деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде