Қызылордалық полицейлер есірткі жеткізу арнасының жолын кесті
Қызылорда облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
12:51 16.02.2024
Аталған шара барысында Қызылорда қаласында синтетикалық есірткі затын сақтаған Ақмола облысының 20 жастағы тұрғыны ұсталды.
«Ол орналасқан қонақүйдегі бөлмесіне тінту жүргізу барысында есірткі сатуға дайын үш полиэтилен пакетіне салынған сұр түсті ұнтақтар заттай дәлелдеме ретінде алынды. Сараптама қорытындысымен тәркіленген ұнтақтың а-пирролидиновалерофенен немесе a-PVP психотроптық заттарға жататыны белгілі болды. Ақмола облысының тұрғыны аталған синтетикалық есірткі заттарына интернет желісі арқылы тапсырыс қабылдап, Қызылорда қаласының аумағындағы 10 жерге жасырған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Дереккөз. ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!