{metadescription}
ҰҚК 17 жастағы діни радикалды ұстады

ҰҚК 17 жастағы діни радикалды ұстады

ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікпен 17 жастағы тұрғынды ұстады.

"2024 жылғы 15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жастағы тұрғыны ұсталды.

Тінту кезінде одан тергеуге қызығушылық білдіретін материалдар алынды. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кететіні, 2023 жылы күдікті ұқсас қылмыс үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеуге жазаланған.

"Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырды. Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады", - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде