{metadescription}
Атырау облысында зираттағы түнек үйі өртеніп кетті

Атырау облысында зираттағы түнек үйі өртеніп кетті

Атырау облысында зираттағы түнек үйі түгі қалмай өртеніп кетті. Түнек үйі Қызылқоға ауданының орталығы — Миялы ауылынан 9 шақырым қашықтықтағы зиратта салынған.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, өрт кеше, 15 ақпанда түнгі мезгілде болған. 

«Түнгі сағат 22:25-те Қызылқоға ауданындағы өрт сөндіру бөліміне Миялы ауылынан 9 шақырым қашықтықта орналасқан «Сақал ата» зиратындағы үйден түтін шығып жатқаны туралы шақырту түсті. Өрт сөндірушілер шақырту орнына жеткен кезде 80 шаршы метрлік түнек үйінің өртеніп жатқаны анықталды. Сол кезде түнек үйінде адам болмаған. Жалын бүгін, 16 ақпанда сағат 00:23-те толық сөндірілді», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Өртті сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері мен 1 техникасы тартылды. 

«Облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз. Өйткені, өрттің салдарынан адам өміріне қауіп төнуі мүмкін», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан. 

Дереккөз. ҚазАқпарат

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.