{metadescription}
Жамбыл облысында 42 шетел азаматы Қазақстаннан шығарылды

Жамбыл облысында 42 шетел азаматы Қазақстаннан шығарылды

Жамбыл облыстық полиция департаментінің қызметкерлері облыс аумағында уақытша не тұрақты болатын шетелдіктерді бақылау бойынша жұмыстар атқарып жатыр. 

Қолданыстағы көші-қон заңнамасы талаптарының бірі – Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктерді бақылау. Осы мақсатта Қазақстан аумағында 183 күннен артық болған шетелдіктерге тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде 52 шетелдіктің бұзушылық деректері анықталып, олардың елімізде тұрақты тұруға берілген рұқсат қағаздарының күші жойылды. Енді бұл шетелдік азаматтар тегін медициналық көмек, зейнетақы төлемдері және осы сынды төлемдер мен жеңілдіктерді алу мүмкіндігінен айырылды.

«Жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен республика аумағынан 42 шетел азаматы шығарылды. Көші-қонды бақылауды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табады», - делінген аталған департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.