{metadescription}
Марқакөлде боранда жолға шыққан 11 адам қар құрсауында қалды

Марқакөлде боранда жолға шыққан 11 адам қар құрсауында қалды

ШҚО құтқарушылары боранда жолда қалып қойған жолаушыларға көмектесті. 

17 ақпан түнде Марқакөл ауданында адамдар жеңіл автокөлікпен жолға шығып, Қарашілік ауылының маңында қалың қарға тұрып қалған.

ШҚО ТЖД № 31 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп, арнайы техникамен 11 адам, оның ішінде 7 баланы эвакуациялап, елді мекенге дейін алып келді.

Жергілікті атқарушы органдар жолды қардан тазалады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде