{metadescription}
Жетісуда 67 адам жолда қалды

Жетісуда 67 адам жолда қалды

Жетісу облысында полицейлер мен құтқарушылар қар құрсауынан 67 адамды шығарды. 

Жетісу полицейлері мен құтқарушылары «Сарыөзек-Көктал» автожолында 67 адамды эвакуациялады, оның арасында екі бала мен бір жүкті әйел бар.

«Аяз, көктайғақ және боранмен бірге жүретін өңір аумағындағы ауа райының күрт өзгеруі автокөлік иелеріне көп қиындық туғызды. Мұндай жағдайда полицейлер құтқарушылармен және жол қызметімен бірлесіп автокөліктің қауіпті жолға шығуына жол бермеу жөнінде шара қабылдап жатыр. Алайда, қозғалыс шектеулерін елемей, қолайсыз ауа райына қарамай жолға шығып, өзіне және өз жолаушыларының өміріне қауіп төндіретіндер де бар», — деп атап өтті ПД ППБ взводының командирі Думан Сеңгірбаев.

Жүргізушілер полицейлерге, құтқарушыларға және жол қызметкерлеріне шынайы ризашылықтарын білдірді.

Өткен тәулікте ауа райына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар көптеген жолдар жабылды. 

Полиция қызметкерлері өз кезегінде патрульді күшейтіп, тәулік бойы жұмыс істейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде