{metadescription}
Алматыдағы Шымбұлақ тау курортында алғаш рет халықаралық фрирайд жарыстары өтеді

Алматыдағы Шымбұлақ тау курортында алғаш рет халықаралық фрирайд жарыстары өтеді

21-25 ақпан аралығында Алматыда Шымбұлақ тау курортында алғаш рет Freeride World Qualifier – фрирайд бойынша халықаралық сайыстар өтеді.

Freeride World Qualifier – әлем бойынша өтетін іріктеу сайыстары. Әлем бойынша өтетін әр түрлі кезеңдерде райдерлер балл жинайды. Олардың ішінен ең үздіктері FWT Challenger-ге қатысуға шақырылады. Оған қатысу – FWT Pro сериясына іріктелу мүмкіндігі.

FWT сайыстары қазылықтың 5 критерийі бойынша бағалайды:

  • Желінің күрделілігі: райдердің жүріп өту үшін қандай жол таңдайтыны және оның алдында кездесетін қауіп-қатерлер.
  • Техника: басқа райдер жеңіл өтіп кеткен жерден сен жаныңмен сырғанап өтетін болсаң, балл жоғалтасың. 
  • Бақылау: өз әрекетіңді үнемі бақылауда ұстауың керек. Тәуекел ететін, бірақ дағдылары жетілмегендерге қазылар қатал болуы мүмкін.
  • Секіру. Қаншалықты биік секірдіңіз? Ауада не болды? Райдер жерге қаншалықты жақсы қонды?
  • Флюидтілік – мәжбүрлі аялдамасыз, басынан аяғына дейін сенің қаншалықты тез қозғалатының.

Осы жолы «Шымбұлақ» ТК 21-25 ақпан аралығында FWT Qualifier іріктеу циклінде әлем спортшыларын қабылдайды.

Сайыстар екі түрлі тау бөктерінде өтеді:

  • FWT 2 жұлдыз – Аскер шыңының төменгі бөлігі
  • Экспозиция: солтүстік-шығыс
  • Сөре: 3080 м
  • Мәре: 2850 м
  • Жалпы еңістік: 230 м

FWT 3 жұлдыз - Эдельвейс шыңының төменгі солтүстік баурайы

Экспозиция: солтүстік

  • Сөре: 3330 м
  • Мәре: 3030 м
  • Жалпы еңістік: 300 м

Qualifier 2* -де қатысушы елдер арасында Чехия, Ресей, Қазақстан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Австрия, Норвегия және Беларусь бар. Қазіргі уақытта тіркелген қатысушылардың жалпы саны 81 адам.

Ал Qualifier 3*-ке Чехия, Ресей, Канада, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Литва, Беларусь, Қазақстан және Норвегия спортшылары қатысады. Қазірдің өзінде 56 қатысушы тіркелген.

Қатысушылар шаңғы категориясында да (әйелдер мен ерлер), сноуборд категориясында да (әйелдер мен ерлер) қатыса алады.

FWT сайыстары заманауи старттардан бұрын пайда болды. Ол кезде шаңғышылар мен сноубордшылар өздерінің физикалық және техникалық мүмкіндіктерінің шегінде болды. Олардың жабдықтары заманауи жабдықтардан өзге болды, бірақ әуесқойлардың қызығушылықтары бар істерімен айналысуына ештеңе кедергі болмады.

Заманауи FWT тарихы 1996 жылдан, Verbier Extreme сайыстары өткен кезден бастау алады және олар алғашында тек сноуборд бағытында өткізілді. 2004 жылы шаңғышылар қосылып, Verbier Extreme мәңгіге өзгерді.

FWT финалдық сайыстарына қатысатын райдерлер фантастикалық адамдар. Олар мүмкін емес трюктар жасайды, өз денелерін толық бақылап, мықты негізді шыдамдылық көрсетеді. Бір қателік жасау – тоқтау мүмкіндігінсіз бірнеше метр төменге қарай құлау.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде