{metadescription}
Еліміздің 9 облысында автокөлік қозғалысы шектелді

Еліміздің 9 облысында автокөлік қозғалысы шектелді

17 ақпан, сағат 18:00-дегі жағдайға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 9 өңіріндегі 12 тас жолда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді.

Абай облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 177 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында

1. «Омбы-Майқапшағай» - Қалбатау а.-Боғас а. 

Алматы облысында (қар, ауа температурасының төмендеуі) жалпы ұзындығы 15 шақырым болатын 1 автомобиль жолында:

1. «Алматау турбазасына кіреберіс аймақ»; 

Шығыс Қазақстан облысында (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, қар көшкіні қаупі) жалпы ұзындығы 435 шақырымды құрайтын 3 автомобиль жолында:

1. «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» Белоусовка к.-Риддер қ.

2.⁠ «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары» 

3. «Омбы-Майқапшағай» - Абай обл.шекарасы-Зайсан қ.-Үлкен Қаратал а.-ҚХР шекарасы 

Жамбыл облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 79 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында: 

1. «Алматы-Ташкент-Термез» Алматы обл.шекарасы-Қайнар а., Кенен а. Қозғалыс балама жол – ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады. 

Жетісу облысында  (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында:

1. «Үшарал-Достық» Көктума б.-Достық б. 

Қостанай облысында (Ұлытау облысында ауа-райының нашарлауына байланысты) жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында:

1. «Жезқазған-Петропавл» Ұлытау обл.шекарасы-Арқалық қ. 

Маңғыстау облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 132 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:

1. «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» - Жетібау а.-Ақтау қ.

2. ⁠ «Жетібай-Жаңаөзен-Түркіменстан шекарасы» Жетібай а.-Жаңаөзен қ.

Солтүстік Қазақстан облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 67 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында:

1.⁠ «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омбы)» Кішкене көл-РФ шекарасы 

Ұлытау облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында: 

1. «Жезқазған-Петропавл» Ұлытау к.-Қостанай обл.шекарасы

Қазіргі уақытта республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 438 арнайы техника мен 850 қызметкер жұмылдырылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде