{metadescription}
Қарағандыда үйдің неден жарылғаны белгілі болды

Қарағандыда үйдің неден жарылғаны белгілі болды

Қарағандылық төтенше жағдай мамандары жер үйде болған жарылыстың алдын ала себебін айтты. 

Облыстық ТЖД құтқарушылары оқиға орнында үйіндіні бөлшектеп жатыр.

«Жарылған үйдің үйіндісінің арасынан 5 литрлік екі газ баллоны табылды. Оның біреуі жарылған. Бұл газ жарылғаны туралы болжамды шамамен дәлелдейді. Жұмыс жалғасып жатыр» деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметінен.  

Еске сала кетейік, бүгін таңғы 03:30 шамасында Қарағанды қаласында екі отбасына арналған тұрғын үйде жарылыс болды. Үйді жылытатын бу қазандығы жарылып, салдарынан ғимарат опырылып қалған.  

ТЖД күшімен үйінді астынан 1966 жылы туған ер адам мен 2008 жылы туған қыз бала шығарылып, медициналық жедел жәрдем бригадасына берілді.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде