{metadescription}
Қазақстандық шорттрекші қыздар әлем кубогі кезеңінде күміс алды

Қазақстандық шорттрекші қыздар әлем кубогі кезеңінде күміс алды

Нидерланд корольдігінің Херенвен қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем кубогінің 3-кезеңі мәресіне жетті.

Спорттық дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қыздар арасындағы 3 мың метрлік эстафетада Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болды.

Ел намысын Алина Әжіғалиева, Полина Омельчук, Анастасия Астраханцева, Зейнеп Құмарқан және Гүлдана ⁠Жалмұхан қорғады. 

А тобы, финал:

  • Оңтүстік Корея – 4:17.683 секунд,
  • Қазақстан – 4:19.480,
  • Нидерланд – 4:33.236.
  • БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының нақтылауынша, Алина Әжіғалиева мен Гүлдана Жалмұхан – батысқазақстандық шорттрекшілер.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.