Ақмола облысында өртенген үйден ер адамның денесі табылды
Ақмола облысының Ақкөл ауданында тұрғын үй өртеніп, 58 жастағы ер адамның денесі табылды.
11:16 19.02.2024
Аумақтық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 19 ақпанда сағат 04:45 шамасында Еңбек ауылының Целинная көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйде болған.
«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Сағат 06:55 өрт оқшауланып, 08:18 сөндірілді. Өрт болған үйден 1966 жылғы ер адамның денесі табылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталуда», - деді ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!