Тәжікстанда магнитудасы 4.9 жер сілкінісі болды
19 ақпан күні сағат 10:28–де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «ННЦСН» және «I» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.
14:10 19.02.2024
Сейсмологтардың ақпаратынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 628 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10,1. Магнитудасы MPV 4.9. Эпицентр координаттары 39,03° с. е. 71,86° ш. б. Тереңдігі 30 км. Қазақстан аумағында байқалу (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!