Биыл баспана бағасы 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін – сарапшы
Мұндай пікірді риэлторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко білдірді.
14:36 19.02.2024
«Алғышарт анық байқалады. Бұл – қолданыстағы заңнама талаптарын қатаңдату аясында құрылысы жүріп жатқан жаңа нысандар санының қысқаруы, құрылыс кезеңінде пәтерлерді сатуға тыйым салу, құрылыс компанияларын тексеру, олардың лицензияларын қайтарып алу. Болжамға келер болсақ, белгісіздік жағдайында оны айту қиындау. Дегенмен жыл ішінде бағаның көтерілу ықтималдығы бар. Аталған көрсеткіш жыл ішінде 10-нан 15 пайызға дейін болуы мүмкін», - деді сарапшы агенттік тілшісіне берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол тұрғын үй саясатына жүргізілген реформаның жылжымайтын мүлік нарығына ықпалына қатысты пікір білдірді.
«Жоқ, мүлдем сезілмейді. Ол нарыққа әсер ете алмайды. Өйткені көлемі мүлдем аз», - деді Нина Лукьяненко.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!