Павлодар облысында жоғалған адамның денесі табылды
19 ақпан күні Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының маңында 1981 жылы туған азамат жоғалып кетті. Ол қарда жүретін көлікпен балық аулауға шығып, қайтып оралмаған.
Фото: Видео кадры
16:53 19.02.2024
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері әуеден барлау кезінде Ақтоғай ауылынан 10-15 км жерден жоғалған адамның денесін көрді.
Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологиялық қызмет, Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемесі, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!