Ақмола облысында 82 жастағы әжейді көлік қағып мерт қылды
Ақмола облысының Аршалы ауданында көшенің рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған 82 жастағы қария көліктің астына түсіп мерт болды.
18:47 19.02.2024
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Аршалы кентінде болған.
Анықталғандай, «Volkswagen Passat» көлігің 20 жасар жүргізушісі абайсызда көшенің рұқсат етілмеген тұсынан өтіп бара жатқан 82 жастағы қарияны қағып кетті. Әйел адам жедел ауруханаға жеткізілгенімен, алған дене жарақатынан көз жұмды.
Қазіргі кезде осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша («көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы») іс қозғалды.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!