Қазақстан мен Эстония арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісім ратификацияланды
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Эстония арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.
Фото: invest.gov.kz
20:35 19.02.2024
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!