{metadescription}
Атырау облысында кен орнынан 10 жұмысшы эвакуацияланды

Атырау облысында кен орнынан 10 жұмысшы эвакуацияланды

Атырау облысындағы «Қайнар» каналында су деңгейінің көтерілді. Осыған байланысты кен орнындағы жұмысшыларды эвакуациялауға тура келді. 

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының ақпаратына қарағанда, «АЕКК Munai» ЖШС басшылары кен орнынан жұмысшыларды эвакуациялауға көмек сұраған. 

«Жылыой ауданындағы «Қайнар» каналында су деңгейінің көтерілуінен автокөлік қатынасы үзілді. Осыған байланысты мұнай компаниясы кен орнынан жұмысшыларды эвакуациялау үшін құтқарушылардан көмек сұрады. Жылыой аудандық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері кен орнындағы 10 жұмысшыны «Қайнар» каналынан жол талғамайтын автокөлікпен өткізді. Мұнайшылар кен орнынан 25 шақырым қашықтықтағы «Құлсары-Атырау» тас жолына дейін жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен қоғаммен байланыс тобы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

18 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде