{metadescription}
Алматы тауларында қар көшкіні жүріп, мұздыққа апарар жолды жауып тастады

Алматы тауларында қар көшкіні жүріп, мұздыққа апарар жолды жауып тастады

Алматы тауларында қар көшкіні жүріп,  Богданович мұздығына апаратын туристік жолды жауып тастады.

«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, 19 ақпан таңғы сағат 8:00-ден түскі 15:00-ге дейін Алматының Кіші өзені бассейнінде өздігінен сегіз қар көшкіні болды.

«Қар көшкіні салдарынан «Богданович» мұздығына апаратын туристік жолына, сондай-ақ Тұйық-су мұздығына апаратын трактор жолына қар түскен. Бұл учаскеде қыс мезгілінде жол жабық. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінен.

Мекемеден атап өткендей, қар көшкінінің көлемі 20,4 мың текше метрге жеткен. Қауіпті аймақтардың алдына ескерту тақталары орнатылған. Демалыс күндері қар көшкіні қаупі бар аймаққа кіруді шектеу үшін бақылау-өткізу пункті орнатылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде