{metadescription}
Жастар арасында жиі кездесетін өлім себебі аталды

Жастар арасында жиі кездесетін өлім себебі аталды

Елімізде жастар арасында (18-35 жас) өлімге жиі алып келетін жайттар анықталды.

Бұл туарлы Қазақстандағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қорының жасөспірімдер мен жастарды дамыту бағдарламасының үйлестірушісі Айгүл Қадырова мәлім етті.

«Ұлттық статистика бюросының 2022 жылғы мәліметтері бойынша 10 мен 34 жас аралығындағы жастардың өлімінің негізгі себептері анықталды. Ол жазатайым оқиғалар, улану, жарақат, көлік апаттары және суицид. Бұл ретте 15 жастан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында суицид бірінші орында тұр. Оның негізгі себебі психикалық мәселелермен байланысты», - деді Айгүл Қадырова Сенатта өткен Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған өлім себептері демографияға айтарлықтай әсер етеді.

«Алайда, жазатайым өлім-жітім тереңірек зерттеуді қажет етеді. Одан бөлек, еңбекке қабілеттілік – халық санының артуының басты себептерінің бірі», - дейді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде