{metadescription}
304 гидротехникалық құрылыс халық өміріне тікелей қауіп төндіреді – ТЖ министрі

304 гидротехникалық құрылыс халық өміріне тікелей қауіп төндіреді – ТЖ министрі

Елімізде мың жарым гидротехникалық құрылыс бар және оның жартысына жуығы жөндеуді қажет етеді.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет үйінде айтып берді.

«Соңғы жылдары гидротехникалық құрылыстарға тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл ретте жөндеу жұмыстары тек республикалық құрылыстарда жүргізіледі, коммуналдық және жеке жұмыстар жылдар бойы назардан тыс қалып жатыр», - деді Ш.Әрінов Үкімет отырысында.

Су ресурстары министрлігінің дерегінше, республикада 1500 гидротехникалық құрылыс бар, оның жартысына жуығы немесе 537-сі жөндеуді қажет етеді. Олардың көпшілігі су тасқыны қаупі бар аймақтарда – Қарағанды, Шығыс және Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Абай, Жамбыл, Қостанай облыстарында орналасқан.

Олар бұзылған жағдайда да жергілікті құлақтандыру жүйелерінің болмауы адам шығынына әкеледі. Мұндай жағдай 2010 және 2014 жылдары Алматы және Қарағанды облыстарында болған.

«Елімізде 304 гидротехникалық құрылыс халықтың өміріне тікелей қауіп төндіреді, оның 216-сында немесе 71% жергілікті құлақтандыру жүйелері жоқ. Ал Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында төмен жарақтандырылған», - деді ТЖ министрі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде