{metadescription}
Төтенше жағдайлар министрі Майқайыңға қашан барады

Төтенше жағдайлар министрі Майқайыңға қашан барады

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов «Майқайыңалтын» кен орнындағы қазіргі ахуалды баяндады.

4 қаңтар күні «Майқайыңалтын» кен орнында үлкен ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жер астына түсіп кеткен болатын.

Екі адам қайтыс болып, екі адам әлі табылмады.

«Қазір іздеу жұмыстарын жүргізу үшін тәуекелдерді бағалау бойынша сараптама жүргізілуде, өйткені опырылу қаупі әлі де бар. Біз тірі адамдарды – құтқарушыларды жоғалтуымыз мүмкін. Сондықтан, шамамен 30 наурызға дейін (сараптама) аяқталады және біз іздеу жұмыстарын немесе жалпы жұмысты қайта бастау туралы қосымша шешім қабылдаймыз», - деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Ақпан айының басында Шыңғыс Әрінов «Майқайыңалтын» кенішіне міндетті түрде баратынын айтқан еді. 

«Ол жоспарда бар. Жақында оңтүстік өңірлерді аралап шықтым. Алматыны араладым, Ақмола облысында болдым. Алдағы 1-2 аптада Майқайыңға барамын», - деп жауап берді ТЖ министрі тілші сұрағына. 

Сондай-ақ, бүгін ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаев «Майқайыңалтын» АҚ кәсіпорнының байыту фабрикасы қандай жағдайда жұмысын жалғастыратынын айтты.

19 ақпанда «Майқайыңалтынға» қарасты кен байыту фабрикасы 1 сәуірге дейін жұмысын тоқтатқан еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде