{metadescription}
Ауылдарда қар шығару жұмыстары назардан тыс қалған – Премьер-Министр су тасқыны туралы

Ауылдарда қар шығару жұмыстары назардан тыс қалған – Премьер-Министр су тасқыны туралы

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар тиісті деңгейде орындалмағанын, әсіресе қар шығару жұмыстары ауылдарда жүргізілмейтінін айтты.

«Бұған дейін өңірлерде су тасқынына қарсы барлық іс-шараларды сапалы іске асыру қажеттігі туралы бірнеше рет тапсырма берілген болатын. Алайда, мемлекеттік органдар мен әкімдіктер тиісті шараларды толық көлемде қабылдаған жоқ.

Нәтижесінде 218 іс-шараның 92-сі осы уақытқа дейін орындалмай отыр. Жұмысқа бұлайша селқос қарауға болмайды», - деді Премьер-Министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Олжас Төтенше жағдайлар министріне жоспарланған іс-шаралардың орындалмауына жол берген лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізуді тапсырды.

«Биыл көктемде тасқын қаупі жоғары болып отыр. Қалың қар мен жаңбыр да қауіпті арттыра түседі. Бұл ретте жекелеген өңірлерде қар шығаруға арналған қаражат тек ірі қалалар мен облыс орталықтарына бөлінеді. Ал ауылдық елді мекендерде қар шығару жұмыстары назардан тыс қалған.

Мысалы, Павлодар облысында қар шығаруға бөлінген 4,5 млрд теңгенің 900 млн теңгесі ғана ауылдық жерлерге көзделген. Қарағанды облысында 5,4 млрд теңгенің 700 млн теңгесі, Ақтөбе облысында – небәрі 100 млн теңге ауылдарға арналған. Өңір әкімдері қарды, әсіресе ауылдық жерлерде уақытылы шығару үшін шара қабылдауы қажет», - деді О.Бектенов.

Сонымен бірге, елді мекендер көшелерін су басып қалу және жолдарды шайып кету фактілері қазірдің өзінде тіркеліп отыр. Жалпы 217 елді мекенде тасқын қаупі сақталып отыр.

«Мұндай проблема елді мекендердің көпшілігінде жылдан-жылға қайталанып келеді. Мысалы, Қостанай облысындағы Қарамырза ауылы соңғы 4 жыл бойы қар суының құрсауынан шыға алмай отыр. Биыл да қауіп төнуде. Жолдардың су басып қалуына байланысты Ақмола облысында Ягодное, Қостанай облысында Екідің, Ақтөбе облысындағы Оймауыт, Жарық, Өтек және Құмтоғай ауылдарымен жыл сайын қатынас үзіледі. Әкімдіктер бұл проблемаларды біле тұра, еш шара қабылдамайды. Біраз шаруа әкімдіктердің нақты жұмысына байланысты», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ арықтарды, жауын-шашын кәріздерін уақытылы тазарту, уақытша бөгеттер салу және елді мекендерде топырақ үйінділерімен бекіту жұмыстары жүргізілуі қажет. Жергілікті бюджеттерде болуы ықтимал төтенше жағдайларға арналған қаражат көзделуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.