{metadescription}
Алматы облысында күйеуін жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйел 10 жылға сотталды

Алматы облысында күйеуін жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйел 10 жылға сотталды

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адамды қасақана қазаға ұшырату фактісі бойынша айыпталған әйелге қатысты үкім шығарды. 

Сотпен анықталғанындай, өткен жылдың қазан айында Алматы облысы Қарасай ауданы Алматы-Бішкек автожолының бойында сотталушы К. мен оның азаматтық некедегі күйеуі М. арасында жанжал шықты. Айыпталушы ер адамды жүріп бара жатқан жүк көлігінің дөңгелектерінің астына итеріп жіберген. Сотталушы мас болған.

Ал, жәбірленуші М. алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Сотталушының кінәсі толығымен дәлелденген және қылмыстық іс материалдарымен расталған, атап айтқанда: сотталушының айғақтарымен, күәлардың жауаптарымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен.

«Сот үкімімен сотталушы К. қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оны 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәлімдемесінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде