Елімізде дәрі-дәрмек сапасы қайта қаралады
Халықты сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қайта қаралады.
Фото: Pixabay
10:33 22.02.2024
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті.
«Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сапасына баса назар аудара отырып, қайта қаралады. Министрлік амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру бойынша жұмысты бастады», - деді Ақмарал Әлназарова ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.
Министрдің айтуынша, препараттардың сапасына аса мән беріледі.
«Соңғы 2 жылда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту шығындардың 2 есе өсуі алаңдаушылық туғызып отыр. Бұл ретте 41 нозология бойынша пациенттер тек 50%-ға қамтамасыз етіледі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемінің жалпы өсуіне қарамастан, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейі төмендеген», - дейді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!