Бүкіл Қазақстан бойынша дабыл қосылды
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, жұма - 23 ақпанда Қазақстанның барлық аймақтарында жоспарлы сейсмикалық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
11:30 23.02.2024
"Сейсмикалық жаттығулар күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады. Сейсмикалық жаттығудың негізгі мақсаты - жер сілкінісі қаупі мен жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру", - деді ТЖМ өкілдері.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға ескертуді елеусіз қалдырмай, сейсмикалық дайындыққа белсене қатысуды ұсынады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!