«Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолының бөлігі жабылды
Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы.
20:01 23.02.2024
Ұлттық оператор бүгін сағат 18.00-дегі ахуал бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу облысының «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолының Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі 84-184 шақырым аралығындағы учаскеде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
«Осы уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп, ұстауға 580 техника және 1129 жол маманы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!