Бүгін еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауып, солтүстікте бұрқасын болады - Қазгидромет
«Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 27-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.
Фото: Мұхтар Холдорбеков/Kazinform
10:00 27.02.2024
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, бүгін еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.
Республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай қар жауады, оңтүстікте жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді. ҚР бойынша тұман түседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!