{metadescription}
Павлодарда 10-нан астам адамды пәтерсіз қалдырған алаяқ қолға түсті

Павлодарда 10-нан астам адамды пәтерсіз қалдырған алаяқ қолға түсті

Полиция ұсталған адамның 2021-2023 жылдар аралығындағы алаяқтық оқиғаларға қатысы барын анықтап отыр.

Ол көбіне халықтың осал топтары өкілдерін алдап келген. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Павлодар облысының аумағында жылжымайтын мүлікті заңсыз қайта ресімдеуге байланысты алаяқтық жасады деген күдікпен азаматты ұстады, деп жазады kazinform.

«Ұсталған азамат 2021-2023 жылдар аралығында өз құрбандығын халықтың әлеуметтік осал топтары арасынан іздеп тауып отырған. Оларды "баспанаңды тиімді бағаға сатып беремін, мол олжаға кенелесің" деп алдаған. Жылжымайтын мүлікті сатқаннан кейін келісілген соманы қайтармай, тұрғындарды пәтерсіз қалдырған», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Қазіргі уақытта ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Оның 10-нан астам эпизодқа қатысы бары делелденіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде