{metadescription}
Қызылордада құрылыс компаниясы 15 адамды алдап кеткен

Қызылордада құрылыс компаниясы 15 адамды алдап кеткен

Қызылорда қаласында 15 адамның пәтерін жөндеп беремін деп алдап кеткен құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Тұрғындар келісілген соманың алғашқы жарнасы ретінде оның жарты бөлігін компанияға берген. Олардың ішінде 6,5 млн теңге беріп, алданып қалғандар бар, деп жазады kazinform.

Бұл жөнінде Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі төмендегіше түсініктеме берді.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен (алаяқтық дерегі бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде.Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді», — деп мәлім етті департаменттен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.