Қар көшкіні кезінде төрт шетелдік турист қаза тапты
Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Жырғалаң шатқалында болған қар көшкіні кезінде Чехиядан келген төрт турист қаза тапты, деп жазады 24.kg.
Фото: сурет видеодан алынды
10:19 28.02.2024
Қар көшкіні 25 ақпан күні сағат 13.00 шамасында, 23 турист – Чехия мен Словакияның азаматтары – Тұлпар-Таш жайлауында шаңғы теуіп жүрген кезде болған.
Мерт болған адамдарды қар көшкінінен туристер өздері шығарып, тасымалдауға көмек сұраған.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің алты құтқарушысы жетіп, туристер тобын қарсы алып, қаза болғандардың денесін Ішкі істер министрлігіне тапсырды.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!