Алматыдан 275 шақырым қашықтықта жер сілкінді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 28 ақпан күні сағат 07:17-де жер сілкінісін тіркеді.
Фото: aa.com.tr/ru
11:30 28.02.2024
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,9. MPV магнитудасы - 4.4. Координаттары 41,16°с.б. 78,78° ш.б. Тереңдігі - 5 км. Сезілгіштігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан Республикасының аумағында - жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!