{metadescription}
Сенат трансшекаралық өзендерді халықаралық негізде пайдалану құжатын бекітті

Сенат трансшекаралық өзендерді халықаралық негізде пайдалану құжатын бекітті

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.

«Бұл Конвенцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1997 жылғы 21 мамырда қабылдап, 2014 жылғы 17 тамыздан бастап күшіне енді. Қазіргі кезде 37 мемлекет Конвенцияның қатысушысы. Қазақстанмен көршілес елдердің ішінде тек Өзбекстан Республикасы Конвенцияның мүшесі. Құжат трансшекаралық өзендер мен көлдерді және олармен байланысты жерасты суларын бүкіл әлемде тең құқықты әрі тұрақты басқаруға ықпал ететін жаһандық құқықтық механизм саналады. Конвенцияға қосылу - Қазақстанның трансшекаралық өзендерді халықаралық құқық қағидаттары негізінде пайдалану және қорғау мәселесі бойынша көрші елдермен өзара іс-қимылдағы ұстанымын нығайтады», - деді сенатор Жанболат Жөргенбаев.

Оның айтуынша, бұл конвенцияда халықаралық су ағындарын әділ әрі ақылға қонымды пайдалану қағидаттары айқындалған. Сонымен қатар, құжат трансшекаралық суды пайдаланудың неғұрлым өткір мемлекетаралық мәселелерін шешу үшін ортақ құқықтық алаң құруға мүмкіндік береді.

«Конвенцияға қосылудың негiзгi факторларының бiрi - Өзбекстанмен трансшекаралық өзен бассейндерiнде гидротехникалық құрылыстар салу жөнiнде жоспарланған iс-шараларды үйлестiру, оның iшiнде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы трансшекаралық су айдындарын бiрлесiп басқару мен пайдалану туралы Келiсiм жобасының нормаларын талқылау және келiсу», - деді депутат.

Конвенция тараптары мынадай міндеттемелерді қабылдады:

- басқа тараптарға айтарлықтай зиян келтірмеу;

- трансшекаралық өзендерді басқару бойынша ынтымақтастық жасау;

- су ағынының жай-күйі және суды пайдалану бойынша деректер мен ақпаратпен алмасу.

Аталған шаралар трансшекаралық су ағындары бойынша тиімді ынтымақтастықтың кепілі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде