{metadescription}
Еуропалық Одақта лаңкестікке қарсы жаңа үйлестіруші тағайындалды

Еуропалық Одақта лаңкестікке қарсы жаңа үйлестіруші тағайындалды

Голландиялық дипломат Бартьян Вегтер Еуроодақтың терроризмге қарсы үйлестірушісі (EU Counter-Terrorism Coordinator) болып тағайындалды.

Оның бес жылдық мандаты 2024 жылдың 1 наурызында басталады. Б.Вегтер бұл қызметті 2021 жылдың қазан айынан бері атқарған Илкку Салмидің орнына келеді.

2004 жылғы 11 наурызда Мадридте болған лаңкестіктен кейін Еуропалық Кеңес ЕО-ның терроризмге қарсы үйлестірушісі лауазымын құру туралы шешім қабылдады. ЕО терроризмге қарсы үйлестірушісі ЕО ішінде терроризмге қарсы жұмысты үйлестіруге, оған қарсы стратегияны іске асыруды және бағалауды қамтамасыз етуге, терроризмге қарсы ішкі және сыртқы аспектілерді біріктіруге және ЕО мен үшінші тараптар арасындағы байланысты жақсартуға жауапты.

Бартьян Вегтер – Нидерланд Корольдігінің НАТО жанындағы Тұрақты Өкілдігінде өкілетті министр болып қызмет атқарған аға дипломат. Лейден университеті мен Еуропа колледжінің түлегі Б.Вегтер 25 жылдық дипломатиялық мансабында көпжақты саясат пен қауіпсіздік саласында түрлі лауазымдар атқарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде