{metadescription}
Колледж студенттерінің кәсіптік практикадан өтуі сақтандырылады

Колледж студенттерінің кәсіптік практикадан өтуі сақтандырылады

Колледж студенттерін кәсіпорындарда практикадан өту кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру жағы қаралып жатыр.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің тиісті бұйрығы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу қағидаларын және кәсіпорындарды (ұйымдарды) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін практика базасы ретінде айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шартқа сәйкес, практиканы өткізу мен шарт жасасуды регламенттейтін 35-тармаққа өзгеріс енгізілмек. 

«Кәсіпорындарда (ұйымдарда) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушыны жазатайым оқиғалардан сақтандыру ақылы қызметтерден алынған кірістер есебінен ерікті түрде жүзеге асырылады», - делінген бұйрық жобасында.

Аталған өзгеріс Премьер-Министрдің Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өкімінің жобасына сәйкес жүргізіледі.

Бұйрық жобасы 2023 жылғы 14 наурызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде