{metadescription}
Атырау жасөспірімдері арасында құқық бұзушылық пен суицид дерегі өскен

Атырау жасөспірімдері арасында құқық бұзушылық пен суицид дерегі өскен

Былтыр Атырау облысының білім саласында 1 200-ден астам құқық бұзушылық дерегі анықталған. Әсіресе, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен суицид дерегі артқан, деп жазады kazinform.

Атырау облысының үйлестіру кеңесінің жиынында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселелері қаралды. Облыс прокуроры Бауыржан Жұмақановтың дерегіне сүйенсек, жасөспірімдер тарапынан жасалатын құқық бұзушылық дерегі 21 пайызға (100-ден 121-ге) өскен. Оның ішінде жыныстық тиіспеушілік 38,7% (31-ден 43-ке), балалар суициді 156,3% (16-дан 41-ге) артып отыр.

«Барлық меншік нысанындағы білім мекемелеріне тексеру жүргізіліп, 1 200-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Әсіресе, қауіпсіздік, құрылыс, мемлекеттік сатып алу, білім сапасы, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар, өрт қауіпсіздігі саласында кемшіліктер бар. Әр баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет. Өйткені, басты басымдықтың бірі — жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыру», - дейді Бауыржан Жұмақанов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.