{metadescription}
Арыстанбек Мұхамедиұлына жаңа жаза кесілді

Арыстанбек Мұхамедиұлына жаңа жаза кесілді

Экс-министрге өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақпаратты агенттік тілшісіне Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі растады.

«Нақты 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілсін. Жазасы қауіпсіздігі орташа қылмыстық мекемеде өтелсін», - деді үкімді оқыған Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Кемеңгер Имашев.

Бұған дейін сот бұрынғы шенеуніктің әйелін пара алу бойынша кінәлі деп танып, оны өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.

Мұхамедиұлының адвокаты аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналыса алмайды. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде