{metadescription}
Атыраудағы жағымсыз иіс: күкіртті сутегі шекті мөлшерден 25 есеге асқан

Атыраудағы жағымсыз иіс: күкіртті сутегі шекті мөлшерден 25 есеге асқан

Атырау тұрғындарын ауадағы жағымсыз иіс алаңдатып отыр. Жергілікті экологтар жүргізген мониторингке сәйкес күкіртті сутегінің мөлшері 25 есеге дейін өскені анықталған. Атырау облыстық экология департаменті зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің басшысы Сапар Тұрсынбековтің мәліметінше, 25 наурызда атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізілген. 

«Мониторинг кезінде Атыраудағы «Акимат», «Авангард», «Восток» автоматтандырылған ауа сапасын бақылау стансаларында тіркелген мәліметтер, атмосфералық ауадан сынама алынды. Талдау қорытындысына сәйкес «Квадрат» булану алаңы, Мирный, Перетаска елді мекендері маңында атмосфералық ауаның ластану дерегі тіркелді», - деді Сапар Тұрсынбеков. 

Мәселен, күкіртті сутегінің мөлшері рұқсат етілген шекті шоғырланудан «Квадрат» булану алаңы аумағында 6,2, санитарлық қорғау аймағында 21-25, тұрғын үйлер маңында 17,5 есеге дейін асып кеткен. Мониторинг корытындысы облыстық санитарлық-эпидемологиялық бақылау департаментіне жолданған.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде