{metadescription}
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда байланысы жаңа қарқын алады

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда байланысы жаңа қарқын алады

Астанада «Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынастарын дамытудағы жаңа тәсілдер» тақырыбында экспорттаушылардың форумы өтіп жатыр. Іс-шараға Қытайдың Сычуань және Хубэй провинциясынан 120-дан астам бизнес өкілі қатысуда.

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өз сөзінде екі ел президенті өзара тауар айналымын 40 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайту жөнінде қысқа мерзімді міндет қойғанын атап өтті. Бұл ретте, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның сауда серіктестерінің арасында Қытай Халық Республикасы бірінші орынға шыққан.

«2023 жылы Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы өзара сауда көлемі 31,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын рекордтық көрсеткішке жетті. Қазақстандық өнімнің Қытайға экспорты 12,6 пайызға өсіп, 14,7 миллиард долларды құрады. Импорт 50,5 пайызға өсіп, 16,8 миллиард АҚШ долларға жетті. Қытаймен өзара байланыс әлемдегі Қазақстан үшін тұрақты прогресс пен сауда-инвестициялық әлеуетті іске асырудың ұзақ мерзімді факторы болып отыр», - деді А.Шаққалиев.

Белгілі болғандай, былтыр Қытай нарығына еркін экспортталатын Қазақстанның агроөнімдер тізбесі кеңейтілген. 

«Біз белсенді жұмысты Қытайдың ең ірі үш провинциясының құрамына кіретін Сычуань провинциясынан бастадық. Бүгінде Қазақстан мен провинция арасындағы сауда шамамен 230 миллион долларды құрайды. Оның ішінде Қазақстан 45 миллион долларға өнім экспорттайды. Қырықтан астам қазақстандық компаниялардың қатысуымен өткен сауда миссиясы Қытай нарығына сұраныс пен қазақстандық өнімнің экспорттық әлеуетінің ауқымын көрсетті. Аталған провинция отандық май өнімдерінің, астық өнімдерінің, сусындардың, кондитерлік өнімдердің және тағы да басқа тауарлардың үлкен көлемін сатып алуға дайын», - деді министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде