{metadescription}
Прокурорлар Жетісу облысының кәсіпкерлеріне 50 млн теңгеден астам қаражатты қайтарып берді 

Прокурорлар Жетісу облысының кәсіпкерлеріне 50 млн теңгеден астам қаражатты қайтарып берді 

Прокурорлар 160-тан астам кәсіпкердің құқығын қорғап, оларға орындалған шарттар бойынша тиісті ақшалай қаражатын қайтарып берді.

Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы мәлімдеді. 

«Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес, енгізілген кепілдік сомалар кәсіпкерлерге өз міндеттемелерін орындағаннан кейін бірден қайтарылуы тиіс болатын. Алайда облыстың медициналық мекемелері міндеттемелердің уақтылы орындалуына қарамастан, бір жылдан астам уақыт ішінде 50 млн теңге көлемінде тиесілі ақшаны қайтармаған» — делінген хабарламада. 

Қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлерге қаражат қайтарылды, ал бұзушылықтарға жол берген лауазымды 30 азамат жауапқа тартылды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде