Ақмола облысында білім бөлімінің 4 қызметкері жауапқа тартылды
Сандықтау ауданының прокуратурасы балабақша тәрбиеленушілерінің құқығын қорғады.
Фото: Kazinform/Виктор Федюнин
17:13 26.03.2024
Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді. Кәмелетке толмағандар құқығының қорғалуын талдау барысында 78 мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісіне азық-түлік үшін өтемақы төленбегені анықталған. Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, азаматтардың жекелеген санатындағы азық-түлік шығындары мемлекет есебінен өтеледі. Азаматтардың бұл санаттарына көпбалалы отбасылар, АӘК-ге мұқтаж отбасылар және халықтың осал топтарына жататын басқа да адамдар жатады.
Ал аудандық білім бөлімі көпбалалы аналар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасыларды азық-түлікке өтемақы төлеу тізіміне енгізбеген. Осылайша, олардың мектепке дейінгі ұйымдардан тегін тамақ алу құқығын бұзған.
Прокурорлардың араласуымен балабақшалардағы 78 балаға азық-түлік шығындары өтелді. Бұзушылықтар үшін білім бөлімінің 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!