{metadescription}
Былтыр есірткі сатқан неше полицей сотталды

Былтыр есірткі сатқан неше полицей сотталды

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев былтыр есірткі саудасына қатысты істі болған полицейлер туралы айтты.

«Қызметкерлер арасында өздерінің жұмысының мүддесіне нұқсан келтіріп, осындай іс-әрекеттерге баратын санаулы ғана факті бар. Есірткіні тарату дерегіне тоқталсақ, былтыр 3 оқиға анықталды», - деді Ш. Алекешев министрліктің апталық баспасөз мәслихатында. 

Оның сөзіне қарағанда, полицейлер жасайтын қылмыстардың 80 пайыздан астамын министрліктің өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері анықтап жатыр.

«Біз осындай сатқындарды анықтап, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға өзіміз мүдделіміз», - деді ресми өкіл. 

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде