Маңғыстауда қырылған итбалықтар саны 62-ге жетті
Маңғыстау облысын Түпқараған ауданында теңіз жағалауынан табылған итбалықтардың өлексесі 62 басқа жетті.
Фото: pixabay.com
19:08 29.03.2024
Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары анықтады.
Бүгін күндізгі сағат 15:00-ке дейін теңіз жағалауынан итбалықтың 62 ұшасы табылған. Аталған жағдай анықталған соң оқиға орнына мониторинг жасау тобы аттанды. Олардың ішінде облыстық балық инспекциясы, Экология департаменті және аудандық әкімдік өкілдері бар.
Тексеру кезінде Экология департаментінің мамандары теңіз суынан сынама алғанын хабарлады. Сондай-ақ инспекторлар жағдай туралы табиғатты қорғау прокуратурасына, ветеринарлық қызмет пен Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығына, гидробиология және экология институтына, микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығына хабарлама бергенін мәлімдеді.
Бұған дейін Маңғыстауда теңіз жағасынан қырық итбалықтың өлексесі табылған болатын. Осыған қатысы облыстық балық инспекциясының басшылығы тиісті тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеді.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!