Президент бүгін су тасқынына қатысты жиын өткізеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр.
Фото: akorda.kz
11:16 30.03.2024
Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
Бүгін Мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді.
Қабылданған шешімдер туралы жұртшылыққа тез арада хабарланады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!