{metadescription}
Ақсуатқа тікұшақ тамақ пен дәрі-дәрмек жеткізді

Ақсуатқа тікұшақ тамақ пен дәрі-дәрмек жеткізді

Абай облысының Ақсуат ауданына тікұшақпен азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткізілді. Бұл жайында облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тікұшақпен гуманитарлық көмек Кіндікті, Үштөбе, Қызылкесік ауылдарына жеткізілді.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындармен кездесу өтті.

Кіндікті ауылына 40 қап ұн, 50 кг май, 300 кг макарон және дәрі-дәрмек, ал Үштөбе ауылына 40 қап ұн, 300 кг макарон және май, қант және басқа да қажетті заттар жеткізілді. 

Еске сала кетейік, Абай облысында кейінгі күндері тасқын су талайдың мазасын қашырды. 

Жер жібіп қатып, дамбылар мен елді мекендерді қызыл су басты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде