{metadescription}
Жетісулық азамат 4 баласына екі жыл бойы алимент төлемеген

Жетісулық азамат 4 баласына екі жыл бойы алимент төлемеген

Жетісу облысында прокурорлардың араласуынан кейін борышкер 7 миллион теңгеден астам алимент төледі.

«Азамат „K“ екі жыл бойы төрт балаға жалпы сомасы 7 миллион теңгеден астам алимент төлемей келген.

Бірақ Панфилов ауданының прокуратурасы қарсы тексеру арқылы борышкердің ресми емес түрде жұмысқа орналасқанын және тұрақты табысы бар екенін анықтады.

Қадағалау актісі бойынша борышкер 5 тәулікке қамауға алу түріндегі ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп жазды прокуратурадан.

Әкімшілік шара қолданылғаннан кейін борышкер алимент бойынша берешегін толық өтеген, деп жазады kazinform.

Жалпы, прокурорлық шаралармен кәмелетке толмаған 63 балаға жалпы сомасы 47 миллион теңге алимент бойынша берешек өндірілді.

Прокуратура алимент төлеуден жалтарғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алумен, сондай-ақ 2 жылға дейін бас бостандығынан айырумен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде