{metadescription}
Сібір жарасы: Су тасқынынан кейін ауру мал көмілген қорымдардан қауіп бар ма

Сібір жарасы: Су тасқынынан кейін ауру мал көмілген қорымдардан қауіп бар ма

Су басқан өңірлердің сібір жарасы және мал көмілген аумақтарында эпизоотиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы АШМ ресми өкілі Олжас Тілебалдин мәлім етті. 

«Тасқынға байланысты су басқан аймақтарда сібір жарасы мен мал көмілген. Дегенмен бұл аумақтардағы эпизоотиялық жағдай тұрақты. Сібір жарасын көму — жануар өлген жерде көмілген ауру қоздырғышының тарихи ошақтары екеніне назарларыңызды аудартамыз. Осылайша, бұл объектілердің орнын ауыстыру мүмкін емес. Сонымен қатар сібір жарасынан өлгеннен кейін жануар өртеу жолымен жойылады. Ал күл бетондалатын саркофаг жасалып көміледі. Оның айналасына дезинфекциялық заттар салынады. Көмілген аумақ оқшауланған. Ал сол учаскелерде індеттің болуына жыл сайын мониторинг жасалады. Осы уақытқа дейін аурулардың жер бетіне шығуының бірде-бір жағдайы анықталған жоқ», — деді ведомство ресми өкілі орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, су басқан учаскелер құрғағаннан кейін сол жерлерден топырақ сынамасы алынады, деп жазады kazinform. Ол үшін тиісті мамандар осы өңірлерге барып, тұрақты жұмыс жатыр.

Мұнан бөлек, су басқан аймақтарда сібір жарасына қарсы вакцинация жыл басынан бері жоспарлы түрде жүргізілген. Бұл шара жылда қолға алынады.

«Мал қорымдарына келсек, бұл объектілер жұқпалы аурулардан өлген жануарларды жоюға арналған. Яғни, мал қорымдарын су басқан жағдайда аса қауіпті инфекциялардың пайда болу ықтималдығы жоқ десек болады. Осындай нысандардың барлығы да су басуына байланысты тексеріледі. Жалпы, Ауыл шаруашылығы министрлігі су басқан аймақтардағы эпизоотиялық қауіпсіздік мәселелерін жергілікті атқарушы органдармен және Денсаулық сақтау министрлігімен үйлестіре отырып, тұрақты бақылауда ұстайды», — деді Олжас Тілебалдин.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде