Су басқан өңірлерде стратегиялық объектілер қорғауға алынды – ІІМ
Су басқан өңірлерде қауіпсіздікті қамту мақсатында Ішкі істер органдарының қызметкерлері тәулік бойы жұмыс режиміне көшті, деп жазады kazinform.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
11:07 09.04.2024
«Су басқан өңірлердегі жол қауіпсіздігі ерекше назарда. Республикалық маңызы бар жолдардың 14 учаскесінде жүруге шектеу қойылды (Ақмола – 1, Ақтөбе – 1, Атырау – 2, Қостанай – 3, Маңғыстау – 1, Павлодар – 1, СҚО-5). Су басқан аймақтардан полицияның арнайы ұйымдасқан колоннасымен 5 мың автокөлік шығарылды. Сондай-ақ, стратегиялық объектілер қорғауға алынды. Бүгінде су тасқынының алдын алу және салдарын жою іс-шараларына Ішкі істер органдары мен әскери қызметшілердің барлығы жұмылдырылды», - деді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова ОКҚ-де өткен брифингіде.
Оның айтуынша, жағдай ушықса басқа өңірлерден қосымша күштер мен құралдар тартылады.
Айта кетсек, қазір су тасыған өңірлерде 20 мыңнан астам полицей қоғамдық тәртіпті бақылауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!