{metadescription}
Әйелі тірі болар деп үміттенемін: Бишімбаевтың сотында куәгердің әкімшіге жазған хаттары оқылды

Әйелі тірі болар деп үміттенемін: Бишімбаевтың сотында куәгердің әкімшіге жазған хаттары оқылды

Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні Bau мейрамханасында болған куәгердің әкімшімен сөйлескен хаттары оқылды.

Сот отырысында мейрамханада құрылыс жұмыстарымен айналысқан куәгер Мейірбеков пен мекеменің Қарлығаш есімді әкімшісінің хаттары оқылды. Сағат 2:27-де куәгер директордың, яғни Бишімбаевтың қайтып оралғанын, ол әйелімен VIP-нөмірде отырғанын жазған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сағат 6:35 Мейірбеков: "Суреттер ілулі тұрған қабырға, екінші жартысын бітіруге мүмкіндік болмады, Қуандық шу шығарып жатыр".

Сағат 6:56 Мейірбеков: "Терезенің бойындағы колонаны сырлап қойдық".

Сағат 6:57 Мейірбеков: "Випті" төңкеріп жатқан сияқты. Әйелі тірі болар деп үміттенемін".

Сағат 7:50 Мейірбеков: "Маски-шоу қойды. Жалаңаш кеудесіне пиджак киіп алған. Біз кетіп қалдық, не ұрып жатыр, не мүлкті қиратып жатыр".

Әкімші Қарлығаш: "Ол қалай, ішпеді ме?"

Мейірбеков: "Екеуі бірге, ес-түссіз мас.

Қарлығаш: "Оны қалай алды", - деген хат оқылды.

Куәгердің айтуынша, ол Бишімбаев Нүкенованы ұрып жатыр деп шешкен, өйткені ол VIP-кабинада қатты дыбыстарды естіген және тек Бишімбаевтың дауысы естілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.