{metadescription}
Қостанай облысында 28 елді мекен жарықсыз қалды

Қостанай облысында 28 елді мекен жарықсыз қалды

Қостанай облысында 28 елді мекен жарықсыз қалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов айтты.

«Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсету жөніндегі жұмыс жалғастырылып жатыр. Біржолғы әлеуметтік төлемдер басталды. Сондай-ақ демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетілуде. Бүгінгі таңда 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік көмек 587 отбасына 107,3 млн теңге сомасында төленді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның дерегінше, апаттық ажыратылуы себепті 28 елді мекен электрмен жабдықтаусыз қалып отыр. Бүгінгі күнде электр бағандары суда қалған, деп жазады kazinform. Бұл оларды қалпына келтіру жұмыстарын қиындатуда. Су кеткеннен кейін жұмыс жалғастырылатын болады.

«Су тасқыны кезінде 24 автожолда қозғалыс шектелді, ал 9 жолдағы қозғалыс қазірдің өзінде қалпына келтірілді. Қалғандары бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Арнайы құрылған комиссиялар келтірілген залалды бағалау бойынша жұмыс істеп жатыр. Осы бағалау қорытындысы бойынша барлық зардап шеккендерге залал толық өтеледі», - деді Арман Әбенов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде